00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қайырымдылық үшін ақша жинайтын блогерлер үшін жаңа міндет пайда болды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қайырымдылық үшін ақша жинайтын блогерлер үшін жаңа міндет пайда болды
ашық дереккөз

«Блогерлер заңға бағынбай, келісімшарт жасамай қайырымдылық іс үшін деп халықтан ақша жинаса ол заңсыз әрекет болып есептеледі. Яғни ол алаяқтық. Екіжақты келісімге келу қайырымдылық жасау кезінде түсініспеушілік, дау-дамай туындаған жағдайда мәселені заңмен реттеу үшін енгізіліп отыр. Келісімге келсе қайырымдылық үшін жиналған қаржыға қатысты ешқандай артық сұрақ туындамайды. Мысалы, блогер бір кісіге қайырымдылық жасау үшін қаржы жинауды бастаған негізі 7 млн теңге керек болған, нәтижесінде 15 млн теңге жиналған. Өз кезегінде блогер көмекке мұқтаж жанға 7 млн теңге беріп, қалған соманы басқа мақсатқа жұмсайтындығын айтқан. Содан кейін екіжақты түсініспеушілік туындаған», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде бүгінге дейін блогерлердің халықтан қайырымдылық үшін қаржы жинау мәселесі назардан тыс болған.

«Егер блогер қандай да бір қайырымдылық қордың атынан жақсылық жасамақ болса, онда сол ұйым мен блогер арасында келісім жасалуы тиіс. Ал егер блогер өздігінен қайырымдылықпен айналысса онда көмек көрсететін адаммен келісімнің болуы міндетті. Яғни кімге көмек көрсетейін деп жатыр сол адаммен келісім жасалады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким.