Байланыс орталығынан салық құпиясы туралы ақпараттарды алуға болады
Осы уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына 149 салық төлеуші қоңырау шалып, жеке басын сәйкестендіру арқылы салық құпиясы туралы мәліметтерді алған. Олардың ішінде ең көп қоңырау шалғандар Нұр-Сұлтан қаласы (39) және Ақтөбе облысы (17).
2022 жылғы 5 шілдеден бастап салық төлеушілер МКК Байланыс орталықтарына жүгінген кезде операторлар абонентті МКК ақпараттық жүйесі арқылы сәйкестендіріп, салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсынуда. Абонентті сәйкестендіру үшін оператор салық төлеушінің ұялы телефонына тексеру кодын жібереді. Тексеру коды мен абоненттің ұялы телефон нөмірі сәйкес келген жағдайда, оператор жылжымайтын мүлік мекен-жайы, көлік құралының VIN-коды және қозғалтқыш көлемі, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы және т. б. ақпаратты ұсынады, - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Заңды тұлғалардың мәліметтері бойынша ақпарат беру басшы, бюджетпен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы өтініш жасаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Заңды тұлғалардың басшыларына қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркелуі туралы ақпарат, кәсіпкерліктің қай субъектісіне жататыны, құрылтайшылары, ОКЭД кодтары туралы және т.б. ақпарат ұсынылуы мүмкін.Жеке басын сәйкестендіру үшін мобильді азаматтар деректер қорында тіркелген мобильді телефондар нөмірлері қолданылатынын ескеру қажет. Мобильді азаматтар деректер қорында тіркелуді egov.kz порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) хабарласып жасауға болады, - деп жазылған хабарламада.