21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады
5 маусым, 2024
Торғын Аман
коллаж Elordainfro.kz
Бұдан былай елімізде жасы 21-ге толмаған азаматтарға толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
Ұқсас жаңалықтар