00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекетке 265 млн теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекетке 265 млн теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, Амангелді Қуаныш есімді ұйымдастырушысы бар бір топ тұлға «пайда табу мақсатында» 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеуге қойған. Бұл кәсіпорындар ешкімге ешқандай қызмет көрсетпесе де, ешқандай тауарды тиеп жөнелтпесе де, «кінәлілер» жалған шот-фактураларды шығарған.

Тергеу барысында Амангелді Қуаныш 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын-ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды. Ол пайда алу мақсатында 265 миллион теңгеден астам мөлшерде мемлекетке залал келтірілген, яғни салық салынуы тиіс айналымды жасанды түрде арттыру үшін бақылаудағы тұлғалар атына 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Сот үкімімен Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.