Амanat партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жиында оның құрамы мен ережесі бекітілді.
Комитет төрағасы болып Мәжіліс депутаты, Амanat партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов сайланды.
Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, осы алаңда мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі энергетикалық корпорациялардың, өңірлік кәсіпорындардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен энергетика саласының мәселелері тұрақты негізде талқыланады.
Өзекті мәселелер қатарында энергетика саласындағы еңбекақы төлеу деңгейі, тарифтерді белгілеу, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және басқалар бар.
Комитеттің алғашқы отырысы келесі айда еліміздің энергетикалық орталығы – Павлодар қаласында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған