00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Түркістанда ер адамнан бір келіге жуық гашиш тәркіленді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістанда ер адамнан бір келіге жуық гашиш тәркіленді
ашық дереккөз

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі затын сақтап тасымалдаумен айналысты деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті, - деп жазылған сілтемеде.

Күдікті өз еркімен әмиянынан бір пакетке салынған және бір қағазға оралған есірткіге ұқсас ұнтақ пен бес психотроптық дәріні тапсырды. Сараптама қорытындысы бойынша бұл бір келіге жуық гашиш екені анықталды. Ал әмияннан алынған заттар 1,5 грамм синтетикалық есірткі, ал қағаз орамадағы зат бір грамм героин екені белгілі болды. Осыған қатысты қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.