00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

ІІМ мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оларды пайдалану үшін:

- полицияда тіркелу;

- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;

- техникалық тексеру;

- азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:

- жеке куәлік (электрон түрде болуы мүмкін);

- мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. 

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.