00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жетімдерді шетелге сату туралы ақпарат – фейк

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жетімдерді шетелге сату туралы ақпарат – фейк
ашық дереккөз

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуын тек аккредитациядан өткен коммерциялық емес агенттіктер ғана жүзеге асыра алатынын хабарлады. Олар өз қызметіне ақы алуға құқылы емес.

Асырап алуға тыйым салу не оны жалғастыру туралы шешім шетелдік асырап алушылар ұсынған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана ұжым болып қабылданады, – деп хабарлады БҒМ.

Сондай-ақ, мессенджер арқылы таратылып жатқан құжаттың 5 жыл бұрынғы құжат екені анықталған. Ондағы агенттіктер тізімі ескірген және тізімдегі агенттіктердің ешбірі де Қазақстанда тіркелген ұйымдар қатарында жоқ. Ал құжатта "балалардың бағасы" емес, баланы асырап алу және тасымалдаумен байланысты шығындар көрсетілген.