00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада дезинсекция жұмыстары жүріп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада дезинсекция жұмыстары жүріп жатыр
ашық дереккөз

Мамандар қаланың саябақтарын, бос аумақтарды арнайы ерітіндімен өңдеді. Өңдеу жұмыстары шыбын-шіркейлерді, масалардың санын азайтумен ғана шектеледі. Оның барысында ұсақ жәндіктер жойылып кетпейді.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. 26 сәуірден бастап біз қаланың сыртындағы су қоймаларын өңдеуді бастағанбыз. Қазіргі уақытта қаланың ішкі аумақтарын өңдеуге кірістік. Бұл жұмысқа 150-ден аса маман, 4 дезмашина жұмылдырылды. Сол сияқты термогенераторлармен жұмыс істейтін 4 бригада болады. Қаламызды 150 учаскеге бөлдік. Осы 150 учаскеде 10 бригада жұмыс істейтін болады. Әрқайсысында 9-10 адам бар. 

Биыл E-Knot қосымшасымен қала тұрғындарын ескертіп отыратын боламыз. Сол себепті осы қосымшаны қала тұрғындары телефондары көшіріп алғаны жөн. Осы арқылы қаланың қай тұсы қай уақытта өңделетіні ескертіледі, – деді аталмыш басқарма басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.