00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақ тіліндегі 6 мың терминге сараптама жасалады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақ тіліндегі 6 мың терминге сараптама жасалады
ашық дереккөз

Қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, 1971 жылдан бері 31 611 терминге лингвистикалық сараптама жасалған. Биыл қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 мың терминге сараптама жасау жоспарлануда. Жаңа терминдерді біріздендіру мақсатында «Termincom.kz» қызмет етеді. Мақұлдауға ұсынылған салалық терминдерді тек комиссия мүшелері ғана емес, сала мамандары мен жалпы жұртшылық талқылайды,- деп атап өтеді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов қазақ тілін ұлтаралық қатынастар тіліне айналдыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары мен түрлі байқаулар, ынталандыру іс-шаралары ұйымдастырылып келе жатқанын айтады.

Сонымен қатар, қазақ тілі ұлттық корпусының мәтіндік базасын құру жұмысы қолға алынды. 2021 жылы публицистикалық мәтіндердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды, - делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында.