Қай өңірлерде ерлерге қарағанда әйелдер көп
Жыл сайын елде әйелдердің саны тұрақты түрде 1,2% -1,3% өсіп келеді.
Әйелдердің басым бөлігі халық тығыз орналасқан Алматы қаласы, Алматы, Түркістан облыстарында тұрады. Ал Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер саны жағынан соңғы орында тұр.
Алайда өңірдегі әйелдердің үлесі бойынша қарасақ, Алматыда тұрғындардың 54,2%-і әйел, Павлодар облысында павлодарлықтардың 52,5%-і әйел, үшінші орында Қостанай облысы тұр, мұнда халықтың 52,4%-і әйел.
Ал Түркістан және Қызылорда облысында ер адамдар саны керісінше әйелдерден басым. Түркістан облысында халықтың 49,2%-і әйел, Қызылорда облысында – 49,7%.
Ер мен әйелдің жасы бойынша қарасақ, 29 жасқа дейін азаматтар арасында ерлердің үлесі басым.
30-49 жас арасындағы ер мен әйелдердің үлесі шамамен тең.
50 жастан үлкен азаматтар арасында әйел адам көп. 50-59 жастағы азаматтар арасында 53,6%-і әйел, ал 85 жастан асқандардың арасында 72,1%-і әйелдер.
Жұмыс істейтін әйелдер саны 2021 жылы 4,2 миллионға жетті. Әйелдердің көпшілігі сауда және автожөндеу саласында жұмыс істейді – 828,7 мың адам.