00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда маңындағы елді мекендерде су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда маңындағы елді мекендерде су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр
ашық дереккөз

Целиноград ауданында қардың жылдам еруінен бастап 200 мың текше метрге жуық су сорылды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатыр.

Департаменттің қосымша қызметтері ауданға 2 сәуірде келген болатын. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қабылданды. Сондай-ақ, қалыптасқан жылы ауа райына және температураның жоғарылауына байланысты егістіктерде еріген ағын пайда болды және 3-4 күндері егістіктерден еріген сулар ауыл арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам, 10 бірлік техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша Азаматтық қорғаныс полкінің күштері тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түскен барлық өтінімдерді пысықтаймыз, – деп бөлісті Қанат Доспаев.

Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі ерекше бақылауда, тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.