Бурабайдан адам сүйектері табылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл 29 наурызда Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды, – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, қазірде осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазіргі уақытта осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде, – деді ПД баспасөз қызметінен.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді