00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

17 мың жолаушы теміржол билетін «Күту парағы» арқылы сатып алды

17 мың жолаушы теміржол билетін «Күту парағы» арқылы сатып алды
фото: ҚТЖ

Жыл басынан бастап bilet.railways.kz сайтындағы «Күту парағы» қызметі пайдаланушыларға 50 мыңнан астам бос орын ұсынған. Солардың ішінде 17 мың адам теміржол билетін сатып алды, деп хабарлады Elorda.info ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

«Күту парағы» қызметі билет болмаған жағдайда жолаушыға бос орынға кезекке тұруға мүмкіндік береді. Мұны пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен және 2 сағаттан кешіктірмей жасауға болады.
Кезек автоматты түрде, адамдардың қалыптастыруынсыз жүргізіледі. Бұл шаралар заңсыз әрекетті болдырмау мақсатында, сондай-ақ, онлайн қызметке өзгерістер енгізбеу үшін қолданылады.

Жүйеде енгізілген билет сатудың жаңа механизмдерінің арқасында бос орындарды «ұстап алу» мүмкін емес. Егер кассир 30 секунд ішінде 5 бірдей сұраныс жасаса, билет сату жүйесі бұғатталады. Егер ол бірдей сұраныстарды жіберуді тоқтатпаса, үш сұраныстан кейін бағдарлама кассирді 5 минутқа бұғаттау мүмкіндігі туралы ескертеді. Осылайша, кассир орындарды «ұстап» ала алмайды.

 

«Күту парағы» қызметін пайдалану тәсілі:

1. Bilet.railways.kz. сайтына тіркеліп, жеке кабинетке кіріңіз;

2. Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, парақшаның соңында «Күту парағына тұру» бөлімін таңдаңыз;

3. Қажетті бағыт пен пойыз нөмірін, сондай-ақ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және электрондық пошта мекенжайын көрсету арқылы «Күту парағына» өтінімді толтырыңыз;

4. Бос орын пайда болған жағдайда, сіздің жеке кабинетіңізге немесе SMS-хабарлама билетті сатып алу қажеттілігі туралы ақпарат келеді.

Сондай-ақ, жолаушылар «Күту парағы» қызметін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына жүгіну арқылы пайдалана алады.