00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Петропавлда интернет арқылы алаяқтық жасаған оқушы ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Петропавлда интернет арқылы алаяқтық жасаған оқушы ұсталды
ашық дереккөз

Петропавлда бірнеше тұрғын интернет-алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Жәбірленушілердің дені жастар. Олар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде тартымды қызбен танысқаны жайлы айтқан. Аз уақыт хат алмасқаннан кейін ол қарызға ақша сұраған. Шығын сомасы 13 мың теңгеден бастап 316 мың теңге аралығында.

Петропавл қалалық ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері жалған парақшаны анықтады. Автор кездейсоқ атты таңдап, фотоны интернеттен алып жүктеген. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ол Петропавлдың 16 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Ол ата-анасының кепілімен босатылды, - делінген хабарламада.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Бүгінде іске қатысты  4 эпизод анықталған, полицейлер жәбірленушілер санын нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.