00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зімбір шырынын қалай дайындаймыз

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зімбір шырынын қалай дайындаймыз
ашық дереккөз

Құрамындағы аскорбин қышқылы, В тобының дәрумендері, мырыш, кальций, йод және табиғи антибиотиктердің арқасында зімбір иммунитетті қатайтатын күшті антиоксидант ретінде жұмыс істейді. Ағзаға пайдасы көп зімбір шырынын қалай дайындайды?

Зімбір шырынын дайындауға бірнеше зімбір тамыры (шамамен 500 г) мен 1,5 стақан су қажет. Алдымен зімбірді тазартып, бірнеше бөлікке бөліп, блендер ыдысына салыңыз. Үстіне су құйып, оны ұсақтаңыз. Қоспа қоюланғанша араластырыңыз. Блендер болмаса, зімбірді үккіштің ұсағынан өткізуге болады. Пайда болған қоспаны дәкеге салып, шырынын сүзіп алыңыз. Зімбір шырынын қақпағы бар әйнек немесе керамикалық бөтелкеге құйып, тоңазытқышта сақтаңыз.

Егер сізде асқазан проблемасы болмаса, оны сумен араластырып ішуге болады. Сондай-ақ оны дәміне қарай кез келген шайға құйып іше аласыз. Ұйықтар алдында айранға бір қасық зімбір шырыны мен аздап даршын қосып ішуге де болады. Сонымен қатар зімбір шырыны етті тағамдарға арналған тұздықтар мен маринадтарға ерекше дәм береді.