00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкіметте мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкіметте мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды
ашық дереккөз

Оған мүдделі мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімдіктердің жауапты өкілдері қатысты.

Жиналыста Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова мемлекеттік тілді дамыту реформасының іске асырылу барысын баяндады.

2021 жылы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында публицистикалық мәтіндердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, арнайы сайт – qazcorpora.kz сайтына орналастырылды. 2022 жылдан бастап жыл сайын сөзқолданыс санын 10 млн арттырып, 2025 жылы Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы сөзқолданыстар санын 40 млн жеткізу жоспарланып отыр.