00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шайдан бас тартудың қандай пайдасы бар

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шайдан бас тартудың қандай пайдасы бар
ашық дереккөз

Біз шайда қаншалықты кофеин көп екенін ұмытып кетеміз. Оны кешке (16:00-ден кейін) ішу әдеті ұйқы проблемасының себебіне айналуы мүмкін. Шай ұйқысыздықты шақырмаса да, оны уақытылы ішу ұйқы сапасына, оның тереңдігіне және тыныштығына әсер етеді. Егер шайдан бас тартсаңыз, жақсырақ ұйықтай бастағаныңызды байқайсыз. Әрине, бұл жағдайда шайдың орнына кофені көп ішіп кетпеу керек.

Сондай-ақ, шайдан бас тарту тістер денсаулығына, соның ішінде тіс эмалінің жағдайына жағымды әсер етеді. Қою етіп қайнатылған шайды жиі ішу флюороздың — ағзада фтордың жиналуынан туындайтын тіс ауруының дамуына әкелуі мүмкін. Оның алдын алу үшін шайды аз ішіп, оны қайнату уақытын (3-5 минуттан көп емес) азайту жеткілікті.

Егер теміртапшылықты анемияның дамуын болдырғыңыз келмесе, тамақпен шай ішу әдетінен арылу қажет. 2011 жылы Калифорния университетінде жүргізілген зерттеу бойынша, шай тамақпен бірге келген темірді «байлап тастайды», оның ағзаға сіңуін айтарлықтай нашарлатады. Егер шайды жиі тамақпен бірге ішсеңіз, темір жетіспеушілігінің даму қаупі артады. Ол жағымсыз салдарларға әкеледі: тері мен шаш жағдайының нашарлауы, шаршау, когнитивті қабілеттердің төмендеуі.

Жалпы, егер шайдан толықтай бас тартқыңыз келмесе, оны істеудің қажеті жоқ. Бастысы, оны шамадан көп ішпеуге тырысыңыз, оны ұзақ қайнатпаңыз және шайды тамақпен бірге ішпеген жөн.