00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АИТВ-ны ашқан вирусолог Люк Монтанье қайтыс болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АИТВ-ны ашқан вирусолог Люк Монтанье қайтыс болды
ашық дереккөз

Люк Монтанье 1932 жылғы 18 тамызда Францияның Шабри қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабының шарықтаған шағында ол вирусология және жасушалық биология саласында маңызды ғылыми жаңалықтар ашты. Ол вирусты РНҚ-ты зерттеп, біртізбекті РНҚ екітізбектіге айнала алатынын анықтады. Бұл кері транскрипция процесі үшін қажет еді. Ретровирустар, оның ішінде АИТВ да өзінің генетикалық ақпаратын қожайын-жасушаның ДНҚ-сына енгізу үшін осы механизмді пайдаланады. Монтанье ретровирустарды қатерлік ісік тудыратын себеп ретінде қарастырды, ал 1983 жылы әріптестері Жан-Клод Шерманн және Франсуаза Барре-Синуссимен бірлесіп оған дейін белгісіз болып келген LAV ретровирусын ашты, кейін оның атауы АИТВ болып өзгерді.

Соңғы жиырма жылда Монтанье «судың жады бар» және «ол ДНҚ-ға әсер ете алады», сондай-ақ «ЖИТС-ты (СПИД) гомеопатиялық құралдар мен биоқоспалар арқылы емдеуге болады» деген қайшылықты пікірлерімен танылды.  2020 жылы ол «SARS-CoV-2 вирусы АИТВ-ның негізінде қолдан жасалды» деген мәлімдеме жасады, бірақ өзге ғалымдар мен медицина мамандары бұл тұжырымды жоққа шығарады.