00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Күш салып жатырмыз»: Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Күш салып жатырмыз»: Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін
ашық дереккөз

Stan.kz-тің ақпаратша, бұл туралы қорғаушы Facebook-тегі парақшасында жазған. 

Жазаны қайта қарау ісі биыл өтуі мүмкін. Оған күш салып жатырмыз, - деді заңгер. 

Адвокат Ақжарқынның қазіргі жағдайы жайлы айтты. 

Қазіргі уақытта Ақжарқын Қытай аумағында жазасын өтеуде. Ол тұрақты түрде отбасымен хабарласып, хат алмасып тұрады. Керек-жарағын сатып алуға мүмкіндігі бар, - деді Нұрмағамбетов. 

Сондай-ақ адвокат көпшілікті мазалайтын сауалға жауап берді. Ақжарқынның елге қашан оралуы мүмкін екенін айтты. 

Адвокаттың айтуынша, сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі екіжақты келісімнің аясында реттеледі. Мұндай келісім барлық мемлекетте жоқ.

Жазаны қайта қарау, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру Ақжарқынды елге қайтаруға ұйытқы болады. 

Сондай-ақ тиісті іс-шараларға Қазақстан Бас прокуратурасына сотталушыны өткізу туралы өтінішхат жолдау кіреді. Нұрмағамбетовтың айтуынша, өтінішхат 2016 жылдың сәуір айында жолданған. 

Маңызды мәселе, жаза биыл қайта қаралуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылдың қыркүйегінде Тоқаев Қытайды ізгілік танытып, Ақжарқынды елге қайтаруға жәрдемдесуге шақырды, - деді қорғаушы. 

Айта кетейік, қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Сол кезде 20 жаста болған бойжеткен есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2016 жылдың қараша айында аппеляциялық тыңдалымнан кейін, коллегия шешім қабылдау үшін уақыт алды. Шешім 2019 жылдың 27 желтоқсанында жария етілді. Ол өзгеріссіз қалды. Әйткенмен Қазақстан Ақжарқынды елге қайтару талпынысын тоқтатпайды. 

Мұндай қылмыс үшін Ақжарқын Қазақстанда мүлкі тәркіленумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.