00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда тағы екі аудан лаңкестерден тазартылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда тағы екі аудан лаңкестерден тазартылды
ашық дереккөз

Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.

Өткен тәулікте «102» пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.