14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.
Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және екпіні 15-20 м/с жел болады деп күтілуде.
Ұлытау облысының басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с жел болуы ықтимал.
Қарағанды облысында көктайғақ күтілуде. Түнде батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.
Атырау және Павлодар облыстарында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел болады деп күтілуде.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, түнде боран болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс, күндіз облыстың батысынан екпіні 15-20 м/с жел тұруы ықтимал.
Абай облысында көктайғақ, боран күтілуде. Тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с жел болады деп күтілуде.