00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі
ашық дереккөз

Жандос Бүркітбаев эпидемиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон” штамы таралуының жоғары қарқыны екенін айтты. 

30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың омикрон штамы 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. Омикрон штамының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ штамды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады, – деді Ж.Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норма 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмекші.