00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Асқар Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 19% құрайды.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбісі (15) және жалпы ҚР «жасыл аймақта» орналасқан. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр.

Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ы, сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екінші компонентін алды.

Әлемде коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет екеніне ерекше назар аударды.