Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқығы қалай қорғалған
Техникалық шарттарды алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Мемлекеттік корпорацияға немесе табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) кеңсесіне жүгінуге болады. Жүгінген кезде өтінім нысан бойынша толтырылады және қағидаларда көрсетілген тізім бойынша тиісті құжаттар қоса беріледі:
Өтінішті қарау қорытындылары бойынша ТМС төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.
Айта кету керек: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменттері тұтынушыларды келесілер туралы ақпараттандыру мақсатында ТМС ресми сайттарында ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыстардың талдауын жүйелі түрде жүргізіп отырады:
- бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілетінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат;
- реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемалары;
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы (ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда).
Реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша ТМС-тың, оның ішінде меншікті интернет-ресурсы жоқ субъектілердің қызметі туралы қосымша ақпарат жалпыға қолжетімді ҚР ҰЭМ ТМРК сайтында орналастырылған.
Айта кетейік, реттелетін қызметке қолжетімділікті ұсынған кезде ТМС бірқатар шектеулерді сақтауы тиіс. ТМС тарапынан сол заңмен көзделген шектеулерді сақтамауы тұтынушылар құқықтарының және олардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұзылған құқықтарды қорғау мақсатында әрекет ету шараларын қабылдайды. Жоғарыда аты аталған нормалардың бұзылуы туындаған жағдайда, тұтынушы растайтын құжаттарды қоса беру арқылы ҚР ҰЭМ ТМРК өңірлік департаменттеріне жүгінуге құқылы.