Елордада жасыл технологияға арналған стартаптар байқауы өтті
Стартап-командалар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдеріне, GreenTech саласындағы сарапшыларға және инвесторларға өз шешімдерін таныстырды. Іс-шара қорытындысы бойынша ең перспективалы 3 стартап-жоба 1 000 000 теңге жүлде қорын өзара бөлісті.
Startup Weekend бағдарламасына 70-тен астам адам қатысты. Сарапшылар мен әкімдік басшылығы, тәжірибелі кәсіпкерлер, инвесторлар, стартаперлер мен көрермендер жасыл технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін бір алаңға жиналды.
Командаларға бар болғаны 54 сағат ішінде өміршең бизнес идеясын құрып, келесі салаларда шешімдер ұсыну қажет болды: қалдықтарды кәдеге жарату, баламалы энергетика, «жасыл кеңселер», «таза» технологиялар, эко-қозғалыс пен мәдениетті дамыту. Іс-шара барысында қатысушыларға бизнесті дамыту, бизнес-модельдерді құру бойынша менторлар және greentech саласының мамандары көмектесті.
Үш күн бойы командалар стартап уикендтің қарқынды форматына еніп, нарықтың жетекші мамандарынан банкроттықты болдырмау және инвестициялар тарту мүмкіндігін арттыру, өз жобасын жақсарту, өз идеясын инвесторға ұсыну және стартапты жаңа деңгейге шығару туралы тиімді бизнес модельдер туралы білді.
Байқауға қатысу үшін 16 команда құрылды, олардың 7-сі «климаттың өзгеруі» бағытында өз шешімдерімен финалға шықты. Финалдық кезеңде командалар өз идеяларының өміршеңдігін дәлелдеп, сарапшылар мен көрермендерден кері байланыс алды.
Бірінші орын иеленген «Ecoland» командасы экоәдеттерді қалыптастыру үшін мобильді қосымшасымен таныстырды. Жоба № 1 мәселені шешумен айналысады — экологиялық таза мінез-құлық мәселелерінде пайдаланушылардың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру.
Екінші орынды «Umai» модульдік мобильді автономды фермасын таныстырған «Umai» командасы иеленді, ол автоматты режимде жұмыс істей отырып, кез келген климатта, кез келген жерде, кез келген ауа райында агромәдениетті өсіруге мүмкіндік береді. Ферма пестицидтер мен қоспаларды қолданбай бақыланатын жағдайда максималды өнімділікпен жұмыс істейді.
Үшінші орын «Wind Turbine Calculation» командасына берілді, олар орнату орнын және жел генераторларының өнімділігін анықтауға болатын қызметті ұсынды.
Қазылар алқасының арнайы жүлдесін IT ZH командасы алды, мектеп оқушылары дәстүрлі жел турбиналарына қарағанда тиімдірек тербелмелі генераторды ұсынды.
Арнайы жүлде - IT ZH команда мүшелері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу колледжінің студенттері Омархан Мейрамбек, Байбол Жанбол, Абдолда Амина және Данабек Даниалдың колледждегі 1 жылдық оқуының ақысы қазылар алқасы тарапынан төленеді.
“Біздің елімізге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет. Мұндай марафондар жас ұрпақтың Қазақстанның инновациялық дамуындағы жоғары белсенділігіне ықпал етеді. Нұр-Сұлтанның инновациялар қаласы ретіндегі пайымын іске асыру әкімдіктің үйлестірілген іс-қимылын, бизнес пен тұрғындардың белсенділігін талап етеді. «Astana Innovations Challenge» негізгі мақсаты қалалық технологиялық міндеттердің шешімдерін іздеу арқылы дарынды адамдарды қала өміріне тарту болып табылады”, – деді «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев.
Айта кетейік, ауқымды іс-шара «Астана Innovations» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының, NURIS және AITU қолдауымен ұйымдастырылды.