00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қанша жеңіл көлік бар

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша жеңіл көлік бар
ашық дереккөз

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 610 120 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6% көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 млн 824,2 мыңды құрайды.

Биылғы тоғыз айда ел өңірлерінде 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылға қарағанда апат фактісі 5,5% артқан.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік иелеріне 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жасаған.