Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі ұзартылды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Дужновты ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдірген.
«12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді», - деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастағанын хабарлаған. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады.
Айта кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған. Күндізгі сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ шағынауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Ұқсас жаңалықтар