00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
ашық дереккөз

2021 жылдың қазан айында жалға берілетін тұрғын үй құны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда рекордтық 18,5%-ға өсті. Бір жыл бұрын бағаның өсуі 9,8%-ды құрады.

«Өңірлік бөліністе бағаның жылдық өсуі Алматы облысында 4,2%-дан, Батыс Қазақстан облысында 37,4%-ға дейін құбылды. БҚО-дан басқа, сектордағы бағаның айтарлықтай өсуі Алматы мен Шымкенттің жалға алушыларына қатысты болды - сәйкесінше 35% және 33,8%», – делінген Energyprom.kz зерттеуінде.

Сарапшылардың мәліметтерінше, қыркүйек айына қарай бағаның өсуі 1,1%-ды құрады. Ай сайынғы бағаның едәуір өсуі тамыз айында байқалды.

Қыркүйек айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2,1%-ға өсіп, ел бойынша орташа шаршы метріне 1 877 теңгені құрады.