00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көрші Қытайда коронавирус қайта өршіді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көрші Қытайда коронавирус қайта өршіді
ашық дереккөз

Бір күн бұрын Аспан асты елінде 54 адамның, ал өткен аптада 59 адамның індетті жұқтырған. Шенеуніктер қазіргі жағдай өте жұқпалы «дельта штамына» байланысты деп санайды. Себебі, билік қабылдаған қатаң шектеу шараларына қарамастан ауру жұқтыру географиясы кеңейіп барады.

Қытай билігі вирустың таралуын алдын алу үшін тұрғындарды жаппай тестілеуден өткізіп, науқастарды ауруханаларға жатқызуда. Бүгінгі таңда ауру 11 провинцияға таралған. Шенеуніктер қалааралық сапарларға шектеулер қойып, тексерулерді күшейтуде.

Бұған дейін Қытайдың Ухань қаласының билігі қалада коронавирус инфекциясының бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін бүкіл халықты ПТР-тестілеуден өткізген болатын.