1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады


Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге «бесінші жол климаттық аймаққа» жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:
• Алматы облысы;
• Атырау облысы;
• Жамбыл облысы;
• Ұлытау облысы;
• Қызылорда облысы;
• Маңғыстау облысы;
• Жетісу облысы;
• Түркістан облысы.
«Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды», - делінген хабарламада.



