00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл сайын 80 әйел отбасындағы зомбылықтан көз жұмады

21 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл сайын 80 әйел отбасындағы зомбылықтан көз жұмады
Фото: Elordainfo.kz

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келетін әйелдердің ресми статистикасын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Жыл сайын  тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кем дегенде 80 әйел көз жұмады. 150 әйел ауыр жарақат алса, 200 әйел орта дәрежедегі, 4 мыңнан астам әйел жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 шағым түседі. Оның ішінде бала мен әйелді сабау, мүгедектікке душар ету, тіпті кісі өлтіру фактілері бар, – деді ол Бас прокуратураның Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында.

М.Әбішевтің сөзінше елдегі әрбір үшінші әйел отбасында зорлық-зомбылыққа тап келеді.

2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Дегенмен бұл сандар шынайы жағдайдың көрінісі бола алмайды. Отбасындағы жанжалдың көбі жабулы қазан күйінде, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік жұмысшылардың назарынан тыс қалады. Тіпті жүйелі түрде сабап, қорқытып, психологиялық зомбылық жасау жағдайлары да жасырын қалады. Сарапшылардың жүргізген есебі бойынша, елдегі әрбір үшінші әйел осындай қарым-қатынаспен бетпе-бет келеді, – деді министрдің орынбасары.