00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерге тағы бір мүмкіндік беріледі

28 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерге тағы бір мүмкіндік беріледі
фото: Оңалхан Оңерхан

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныды,деп хабарлады Elorda.info.kz.

Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен.

Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады деп есептейді.