Велосипедті автобуста алып жүру қаншалықты дұрыс?
4 шілде, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл сұраққа CTS компаниясы жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Қодданыстағы Жол ережесінің 1-бөлімінің 1.2 тармағына сәйкес, велосипед – екi немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлік құралы.
Автобуста велосипедті тек жүк ретінде, бүктелген күйде тасымалдауға болады, бірақ бұл ретте дөңгелектер басқа жолаушылардың киімдерін былғамас үшін арнайы тыспен қапталған болуы тиіс.
Сонымен қатар, оны арнайы жинақтаушы алаңдарда тасымалдау керек. Оны автобус соңындағы орындықтардың арасына қоюға тыйым салынады, - делінген ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады