ТЖМ жаз айындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді


«Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бүгін қатты ыстық пен өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері – от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы. Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт көздеріне, әсіресе орман және дала алқаптарына ерекше назар аударуға шақырамыз, - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:
- ормандарда және ашық жерлерде от жақпаңыз;
- жанып тұрған сіріңкелер мен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;
- табиғатта шыны ыдыстарды қалдырмаңыз, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
- өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.
Сонымен қатар шомылу маусымда су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
- Тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылыңыз;
- суға шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсуге қатаң тыйым салынады;
- су маңындағы демалыста алкогольді пайдаланбаңыз;
- буйкалардан асып жүзбеңіз;
- жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзуге болмайды;
- дабыл туралы жалған дыбыстар шығармаңыз;
- ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
ТЖМ барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз.



