Туристерге арналған жадынама: тауға қалай қауіпсіз баруға болады

29 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Туристерге арналған жадынама: тауға қалай қауіпсіз баруға болады
Фото: freepik.com

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға туристік сапармен шыққан кезде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін жариялады деп хабарлады Elordainfo.kz.

1. Тауға тек компаниямен барыңыз.

Жалғыз серуендеу – үлкен қауіп. Әрқашан біреумен бірге жүріңіз.

2. Маршрутты зерттеңіз.

Шығар алдында көп ақпарат жинаңыз:

- қиындық деңгейі;

- ұзақтығы;

- ауа райы жағдайлары;

- қажетті құрал-жабдықтар.

3. Дұрыс киім таңдаңыз.

Тек треккингке арналған аяқ-киім киіңіз. Рюкзакта міндетті түрде:

- күрте мен шалбар (ауа райына байланысты);

- жаңбырда киетін жамылғы;

- жылы күртеше немесе жылы флис киім;

- ашық түсті киім (камуфляж немесе қара реңктегі киім мүлде болмауы керек).

4. Рюкзакта не болуы керек:

- жылы киімнің қосалқы жиынтығы;

- пауэрбанк;

- маңдайға тағатын фонарь + қосалқы батареялар;

- ысқырық;

- шай құйылған термос, тіскебасар тамақ;

- жеке алғашқы көмек жинағы;

- газ оттығы + газ;

- алюминий стақан (500 мл).

Егер түнеу жоспарланса, онда қосымша:

- ұйықтайтын қап;

- каремат;

- ауыстырылатын іш киім қажет.

5. Жақындарыңызға хабарлаңыз.

Жаяу серуендеу алдында міндетті түрде:

- маршрутты және түнеу орындарын хабарлаңыз;

- артқа қайтудың болжамды уақытын айтыңыз;

- серуен арасында қоңырау шалу немесе хабарламалар жіберіп тұру туралы келісіңіз.