00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өткен аптада азық-түлік бағасы қымбаттады

5 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өткен аптада азық-түлік бағасы қымбаттады
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Ұлттық статистика бюросы өткен аптада Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен, бір аптада жұмыртқа ең көп – 1,3%-ға қымбаттады. Макарон өнімдері мен тауық етінің бағасы сәл өсті – 0,4%-ға, тұз – 0,2%-ға және 2,5 проценттік айран – 0,1%-ға қымбаттады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалды және жылдық мәнде 5,2%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау енген. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағаның өзгергені туралы ақпарат барлық облыс орталығында, республикалық маңызы бар қалалар мен елордада жиналады.

2023 жылдың 31 қазанындағы кейбір өнімдердің орташа бағасы:

2,5 проценттік сүт– 381 тг/л

Қарақұмық – 328 т/кг

Құмшекер – 423 т/кг.