00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Су тасқынынан зардап шеккендерге мүгедектік мерзімі бірден ұзартылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқынынан зардап шеккендерге мүгедектік мерзімі бірден ұзартылады
фото: ElordaInfo

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

"Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс келесі қызметтер автоматты түрде ұзартылатын болады: мүгедектік мерзімдері, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі және оңалтудың жеке бағдарламалары. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.   

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізуде.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.