Әскер Пириев: 1 мамыр – Қазақстанда тұратын барша этнос өкілдері үшін ерекше күн
Қазақстан халқы жақында 1 мамыр – бірлік мерекесін тойлайды. Бүгінгі таңда елімізде көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері ауызбіршілікте, ынтымақта, татулықта және бірлікте өмір сүріп келеді. Мереке қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әскер Пириев жылы лебізін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Ынтымақ пен бірлікке негізделген 1 мамыр – елімізде тұратын барша этнос өкілдері үшін ерекше күн. Бұл – елдің асыға күтетін мейрамдарының бірі. Біз кең құшағын жайған Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюы үшін әрдайым қызмет етеміз. Барша Қазақстан халқын келіп жеткен 1 мамыр - бірлік, достық, татулық күнімен құттықтаймын. Барлығыңызға дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Ұлт пен ұлысқа бөлмей, баршамызға тең қараған Қазақстанның шаңырағына бақ-береке мен жақсылық нәсіп етсін, - деді Әскер Пириев.