Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
13 шілде, 2023
Елорда ақпарат
фото: polisia.kz
14-15 шілде күндері ел аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, ойын-сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы “жедел” қабылдау орындарында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.
Акция кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.
ІІМ бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдау» азаматтардың ұсынысынан туындаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады