00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер 6 миллионнан астам берешегі бар жүргізушіні ұстады

22 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер 6 миллионнан астам берешегі бар жүргізушіні ұстады
фото: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді

Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді. 

Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тасжолында тоқтатты. 

Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. 

Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев.