Павлодар облысында бала малдың сүтінен бруцеллез дертін жұқтырды
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы қанағаттанарлық, тексерілген және клиникалық белгілері анықталмаған.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы қанағаттанарлық, тексерілген және клиникалық белгілері анықталмаған.
Аталған жайтқа қатысты облыстық прокуратура өкілі түсінік берді.
«Кішкентай бала ауру малдың сүтін ішіп, бруцеллезге шалдыққан болатын. Ветеринарлық қызмет өкілдері малдардан жылына екі мәрте қан алуы керек болған. Ал олар жылына тек бір рет екпе алған. Айта кетерлігі, кішкентай бала – ауру малдар анықталған үйдің баласы», – дейді облыстық прокуратураның аға прокуроры Жандос Сағатбеков.
Оның айтуынша, аталған оқиғаға кінәлілер жазаланады. Нақтырақ айтқанда, ветеринарлық қызмет мамандарына айыппұл салынады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында ауру малдың сүтін ішкен бала бруцеллезге шалдықан болатын. Тексеру барысында ветеринариялық пункттердің бірінде 450 бас жануарға сібір жарасына және құтыруға қарсы вакциналау жүргізбеу фактілері анықталды.