«Отбасы банк» кезекте тұрған азаматтардың тізімін жариялады

Бүгін, 16:31
Айман Нығмет Айман Нығмет
views76
«Отбасы банк» кезекте тұрған азаматтардың тізімін жариялады
фото: Оңалхан Өнерхан

«Отбасы банк» АҚ сайтында кезекте тұрғандардың өзекті тізімі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тізімді қалай табуға болады:

1. «Қолжетімді баспана» бөліміне өтіңіз.
2. «2025 ж. 31 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар тізімі» бөлімін таңдаңыз.
3. Өзіңіздің өңіріңізді таңдап, тізімді жүктеңіз.

«Егер аты-жөніңіз сәйкес келсе, жазбаның сізге тиесілі екенін есепке қою күні арқылы анықтай аласыз. Сондай-ақ orken.otbasybank.kz платформасында «Мәртебеңді біл» ️ батырмасы қолжетімді болды. Онда есепке қою күні мен өз категорияңызды білуге болады»,- деп жазылған «Отбасы банк» хабарламасында