00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Омбудсменнің Астанадағы өкілі тағайындалды

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Омбудсменнің Астанадағы өкілі тағайындалды

Омбудсменнің Астанадағы өкілі тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Баян Өмірзаққызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы әлеуметтік жобалар басқармасының жетекшісі әрі Инклюзия жөніндегі кеңестің мүшесі,  Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Астана қаласы әкімдік жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері мемлекеттік қызметшілер болып табылады және заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалады. Бұл лауазым бүкіл ел аумағында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Уәкілге жүгіну азаматтардың, әсіресе ауылдық жерде тұратындардың құқықтарын қорғау мақсатында қолжетімді болуы керек.

Өкілдерге адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну бойынша кең өкілеттіктер берілген.

Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері хабарласа алады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 20 аймақтық өкіл бар – әр облыста және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден.