00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өнер жұлдыздары жұртшылыққа үндеу жолдады

19 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өнер жұлдыздары жұртшылыққа үндеу жолдады
Фото: видеодан скрин

Елге белгілі жұлдыздар халыққа үндеу жолдады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үндеу жолдауға екі күнде 20-дан астам адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғаларының жиі болуы себеп болды. 

Бейне хабарламаларды әртістер, актерлер, журналистер, спортшылар, блогерлер мен вайнерлер жазды. 

Олардың басты мақсаты – қазақстандықтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қайғылы оқиғалардан қорғауға шақыру. Мәдениет, спорт қайраткерлері әлеуметтік челленджді ықыласпен қолдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарамайтын әріптестеріне жеткізді.