00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға 230 млрд теңге төленді

22 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға 230 млрд теңге төленді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 203,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 26,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 мамырдағы мәліметінше, мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 538,7 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 196,8 мың адамды құраған.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады, - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 1 мамырдағы жағдай бойынша 92,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.