00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлихан Смайылов: Коммуналдық тарифтер тағы да қымбаттайды

12 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлихан Смайылов: Коммуналдық тарифтер тағы да қымбаттайды
Фото: primeminister.kz

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бұл – барынша ұстамды тариф, онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни, саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруге тиіспіз, - деді Ә.Смайылов. 

Үкімет басшысы станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келетінін айтты.

Энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Металл мен құбырлардың, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Бұл ретте кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады, - деді Үкімет басшысы.