00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Кінәлі деп есептемеймін»: Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді

12 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Кінәлі деп есептемеймін»: Жигули Дайрабаев сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз

Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында алғаш рет ұлдарына шыққан үкімге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info

Ол ұлдарын кінәлі санамайтынын айтты.

Ардақты әріптестер!

Алдымен сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша көбіңіз депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттылық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен не үшін Мәжілістен кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек, – деді Мәжіліс депутаты.