«ҚазАвтоЖол» ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін ескертті
Бұл шаралар жол жабынының сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
«Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу. Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді», - делінген хабарламада.
Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.