00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

3 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада жеңіске жетті
фото: gov.kz

Өзбекстанда 135 оқушының қатысуымен Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген оқушылар сайысқа түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алған. Оның  2 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.